Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жалғас тойда марқұм анасына отбасының әр мүшесі мен олардың қазір қалай өзгеріп, немен айналысып жүргені туралы айтып береді. Осы кезде әкесінің қазіргі әйелі туралы да сөз болады.
"Сіздің жоқтығыңызға үйренісуіміз үшін әкем көп қиналып, қатты тырысты. Аяғымыздан тік тұрғызу үшін күн-түн демей, еңбектенді. Аллаға шүкір, әкемнің де жағдайы жақсы. Сіз кеткен соң орныңызды жоқтатпай, аналық мейірімін көрсетіп жүрген Фариза апам келді. Бізбен сырлас дос, кез келген уақытта қолдап, "Балам" деп жылуын шашып жүреді", — деді ол.