”Балам мен келінім ұрып-соғады”: Туған ұлынан зәбір көрген кейуана көмек сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.34
  • 556.34
+11 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Балам мен келінім ұрып-соғады”: Туған ұлынан зәбір көрген кейуана көмек сұрады

”Балам мен келінім ұрып-соғады”: Туған ұлынан зәбір көрген кейуана көмек сұрады

Туған ұлым мен келініммен таяқ жеп, ұрыс естимін деген кейуана көмек сұрады.

  • 2 Сәуiр
  • 500
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Әжейдің сөзіне сенсек, баласы мен келіні таяқтың астына алып, үйден қуатын көрінеді.

”Қартайғанда осындай жүріс маған жақсы ма?! Балам мен келінім ұрады, соғады, барымды алып, үйден қуады. Аш қылған жоқпын, ұрмай-соқпай, жеткіздім. Енді айналып келгенде мен жаман, ауру кемпір болып қалдым. Үйден шық дейді. Өз туған балам ұрады. Келінім де кет, үйден шық дейді. Күші келмесе, балама айтып ұрғызады”, — дейді ол.

Ал, Гүлмира Әбіқай мұндай іс-әркет тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жататынын айтып, бей-жай қарамауға шақырды.

“Өкінішке қарай, соңғы кездегі шындық осы!
9 ай көтеріп, туып, өсіріп, өндіріп қартайған шағында сол баладан қорлық көрген ата-аналар көбейді. Ақырзаман деген осы ма екендеп қарап отырмай шұғыл 102 хабарласыңыз! Бұл заңмен жазаланатын тұрмыстық зорлық-зомбылық!”, — деп жазды ол.

Желі қолданушылары әжейдің баласы мен келінін жауапқа тартуды талап етуде.

”Сұмдық, құқық қорғау органдары дереу осы іспен айналысып, баласын жауапқа тартсын”, “Біз анаға зар болып жүрсек, жұрт қолда барын қадірлемей жүр”, “Санасыз баласы заң алдында жауап берсін”, “Екеуін де сотқа беру керек”, — деп жазды олар.