Онда Ардақ Сыздықова есімді келіншек өзінің полиция тарапынан 8 сағат заңсыз қамауда болғанын, соның кесірінен іштегі баласынан айырылғанын жеткізді.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлады.
Видеода ол полиция қызметкерлерінің әрекеті жайлы былай деді:
"25 кыркүйек күні 2020 жылы сағат 12 шамасында жұрттың көзінше қоғамдық көлікке салып алды. Не болды десем, ішке барғанда айтам, сен куәгерсің деп айтты. Ешқандай қағаз, повестка берген жоқ. Аяқ қолымнан алды да,ана жаққа алып келді. Мен ештеңе түсінбей «ойын» екен деп, күліп қоям. Әй, не болды деп сұрадым. Аяғым ауыр. Ешқайда жібермей 8 сағат ұстап отырды. Мен сол 8 сағатың ішінде ештеңе түсінбедім. Өздері де түсіндірмейді, қамап қояды машина сыртынан. Біресе аса ауыр қылмыскер сияқты барлық милиционерлер қоршап алады. Біресе, жыладым, айқайладым, аяғым ауыр, балаларымды сыртынан құлыптап кеттім дедім. Кешкі 9 тоғызда үсті басым шаң-шаң үйдің жанын түсіріп кетті. Сол күні қан кетті, емханаға бардым. Қысқасы бір аптадан оң УЗИ-ге түстім……балам түсіп қалды", деді Ардақ Сыздықова.
Әйтседе аталған видео шыққанан кейін пікір ретінде Бауыржан есімді заңгер өз ойын айтты.
"Бұл бейнеде жаң айқай көріп тұрған жоқпын. Біріншіден Ардақ Сыздыкова деген азаматшаның өзінің түсіндірмесінде, оны 25.09.2020 жылы Беркімбаев емес, аудандық полиция қызметкері қоғамдық көлікке қамап қойғанын,содан кейін жүкті болған баласының түсіп қалғаның айтуда. Сонымен қатар, нақты полиция қызметкерлерінің қатыстылығы немен бекітіледі? Тек құр сөз. Дәлел жоқ. Егер осы оқиға орын алса, бүгінгі күні әлде қашан кінәлі лауазымды адамдарға шара көрілер еді. Алайда, менің естуімше А.Сыздыкованың мына бейнежазбада айтып тұрған уәждері ешқандай дәлелін тапқан жоқ. Дәлелдері болса жазбайма сотқа талап арызын, сол жерде көрелік кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін." ,деп жазба қалды
Шиелі ауданы Полиция бөлім қызметкерлерінің заңсыз іс әрекеттерінен баласын түсіріп алған ана, өз жан айқайын айтты!
Posted by Айгүл Орынбек on Thursday, February 18, 2021