"Балам үшін өшімді алдым" Оқушының анасы мұғалімді аяусыз ұрғаны үшін сотталып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Балам үшін өшімді алдым" Оқушының анасы мұғалімді аяусыз ұрғаны үшін сотталып жатыр

"Балам үшін өшімді алдым" Оқушының анасы мұғалімді аяусыз ұрғаны үшін сотталып жатыр

Алматы облысында баласының мұғалімін соққыға жыққан әйелге қатысты сот басталды, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

  • 10 Қаңтар 2019
  • 26
Фото - Caravan.kz

Бүкіл ұстаздар қауымының наразылығын тудырған жанжал былтыр қыста Кенен Әзірбаев атындағы № 15 мектепте болған екен. Ызаға булыққан ана сабаққа кедергі келтірген ұлына ескерту жасаған ұстазды ұрып-соққан. Күдікті әйелдің ісі сотқа енді ғана жетіп отыр.

"Біріншіден, балам үшін кек алдым. Сен осы мектепте істемейсің дедім бе, жұмыс істемейсің! Біз оп-оңай ұра саламыз, уайымдамаңыз!", — деп мектепті басына көтерген әйелдің сөздері бақылау камерасына түсіп қалыпты.

Оқиға салдарынан мұғалімнің миы шайқалып, 25 күн ауруханада, екі ай үйінде емделген. Тіпті адуынды әйелдің қылығынан қорқып, жұмыстан кетуге мәжбүр болады.

"Аудиограмма түсірілімі бойынша сол жақ құлағымның естімеушілігі 65%, оң жақ құлағымдікі 25% болды. Екінші дәрежелі құлақ мүкістігі пайда болған деді", – деп ұстаз жанжалдың зардабы туралы сотта айтып берді.

Үш сағатқа созылған сотта сөз сөйлеген ұстаздың әріптестері болған оқиғаны бүге-шігесіне дейін баяндады. 12 жыл биология пәнінен сабақ берген мұғалімді ұрып-соққан әйел кешірім сұраудың орнына, қозғалған істі тоқтатуға тырысқан екен.


Келесі сот отырысы 15 қаңтарда өтеді: мектеп директоры, мектеп инспекторы және анықтаушы үш адам куәгер болмақ.

Ал сотталушы БАҚ сұрақтарына жауап беруден бас тартып, сот ғимаратынан тез кетіп қалды.

Соңғы жаңалықтар