Сұхбат барысында өміріндегі ең қиын сәттерді айтып көзіне жас алды.
Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
"Жалпы адам баласы үшін қай кезде де, жақын адамынан айырылу оңайға соқпасы хақ. Анам айтпақшы, әкем жол апатынан соң 33 жыл үйде анамның қарауымен жүрген адам. Егер менің анам әкеме дұрыс қарамаған болса, әкем сондай жол апатынан соң соншама ұзақ өмір сүрмес пе еді?! Сондықтан анама мың алғыс айтамыз.
Әкемнің төсегінің басында үнемі радио тұратын, өйткені мен әкем үшін аспандағы жұлдызбен тең болдым. Өзінің төсегінің жанына менің суретімді іліп қоятын.
Әкемнің ауырғанын естігеннен кейін мен апта сайын ауылға барып тұрдым. Соңғы барғанымда әке мен Айгүлмін ғой келдім дегенімде көзіне еріксіз жас алып жылағандай болды. Бірақ соңғы барғанымда әкемнің көз алдымда жаны үзілді. Таңға дейін отырдық қарап, балаларының алдында жарының алдында о дүниеге аттанды."- деп әнші көзіне еріксіз жас келді.
Әнші төрт құрсақ көтерген дегенмен бүгінгі таңда үш перзенті бар. Бір ұлы бір жастан асқанда ешқандай аурусыз, сырқаусыз ажал құшқан.
"Құранда да көз тию деген нәрсе бар деп жатады ғой. Бұл баламды өзім ерекше бала болды деп айта аламын. Бір жағынан өзімнің де үлкен қателігім болды деп ойлаймын. Өйткені 25 қараша менің анамның туған күні сол уақыттарда менің босануым керек болатын. Бірақ мен анама сыйлық жасағым келді де, дәрігерлерге баланы сол күні босанғым келгендігін айтып, баланы екпе арқылы шақырып сол күні босандым. Мүмкін ол Алланың қалауымен бір-екі күннен соң жарыққа келуі керек пе еді. Мен оны баламнан айырылған кезде сезіндім. Бұл менің пенделік қателігім. Өмірге асығып алып келген балам, солай өмірден асығып өтіп кетті.",- деп тағы бір көз жасына ерік берді.