"Баламыз өзінен өзі орысша сөйлеп кетті": Мадина Сәдуақасова ұлы туралы (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Баламыз өзінен өзі орысша сөйлеп кетті": Мадина Сәдуақасова ұлы туралы (ВИДЕО)

"Баламыз өзінен өзі орысша сөйлеп кетті": Мадина Сәдуақасова ұлы туралы (ВИДЕО)

Әнші Мадина Сәдуақасова ұлы Әнуарды не себепті орыс мектебіне жібергені туралы айтып берді.

  • 16 Наурыз 2023
  • 1401
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол "Мамский әңгіме" Youtube арнасына берген сұхбатында айтып берді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Баламыз өзінен өзі орысша сөйлеп кетті. Оның қасында орысша сөйлейтін адам болған жоқ. Тәрбиеші, үй күтушісі, өзінің апалары, менің туысқандарымның барлығы қазақша сөйлейді. Өзінен өзі тілі орысша шығып кетті. Балабақшаға қазақшаға барды, нөлінші сынып та қазақша болды. Домбыра үйірмесіне барып жүрді, "Балапан" арнасы әрдайым қосылып тұрды. Ютуб құртты ма білмедім, тілі шықты да қалды. Әжесі сөйлейтін қазақша үй алып берді, мен де бір нәрселер алып бердім барлығы қазақша болды. Бірақ, сөйлеген кезде орысша сөйлеп жүрді. Аулаға шығады балалардың барлығы орысша сөйлейді. Достарының бәрі орысша сөйлейді. Қазақша мектепке барайық деп емтихан болды тапсырдық. Бірақ, тағы бір нұсқа болды "орысша тапсырып көріңізші" деді. Емтиханды орысша тапсырып еді ұпайы жоғарыға ұшып кетті", — деді Мадина Сәдуақасова.