"Балаң бақытты болса, жүрегің тыныш": Танымал актриса өзге ұлт өкіліне шыққан қызы туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 515.03
  • 584.82
+27 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Балаң бақытты болса, жүрегің тыныш": Танымал актриса өзге ұлт өкіліне шыққан қызы туралы айтты

"Балаң бақытты болса, жүрегің тыныш": Танымал актриса өзге ұлт өкіліне шыққан қызы туралы айтты

Танымал актриса Гүлмира Жакилина өзге ұлт өкіліне шыққан қызы туралы айтты.

  • 15 Сәуiр
  • 86
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол журналист Әйкерім Сейфуллинаға берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Актриса басында қиын болып, бірден ақ батасын бермегенін айтты.

«Басында қиындау болды. «Қалай» деп біразға дейін сөйлемей жүрдім. «Неге олай жасады? Өзіміздің де қазақ балалары толып жатыр ғой» деп жүрдім. Содан кейін жолдасым маған «ертең қызың бұл жігітке тұрмысқа шықпаса, кейін өмір бойы өзіңе ренжіп кетуің мүмкін. Сен толық түсін. Махаббат ол ұлтында, махаббат екеуінің бір-бірінде» деді. Ол кезде анам тірі, анама айттым. Анам басында үндемей сосын «Балам, ең бірінші балаңның бақытты болғаны. Сенің балаң бақытты болса, жүрегің тыныш» деді. Содан кейін қызыма «жарайды» деп ақ батамды бердім», — деді актриса.

Сондай-ақ ол күйеу баласының мұсылмандықты қабылдағанын да айтып өтті.

«Күйеу балам мұсылмандықты қабылдады, қазір «мама» дейді. «Балам» деймін, қазір қазақша үйреніп жүр. Олар қазір Литвада тұрады. Екеуі сол жақта жұмыс жасайды. Телефонмен сөйлескенде «мама, сәлеметсіз бе! Папа, Ассалаумағалейкум» деп амандасады. «Неге бауыр, неге бауырсақ» деп бәрін сұрайды. Құран кітабын алдырып, соны оқиды. Жазда бардық. Қызымның «мама» деп бақытты болып жүргенін көрдік. Елтайға (*күйеуі) «осыдан артық не керек» деймін. Құдағимен өте жақсымын, екеуміз құрбымыз. Құдалыққа келген кезде бәрі маған ұқсайтынын айтты. Көңілді, жадырап жүретін кісі», — деді Гүлмира Жакилина.