Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Бұл туралы журналист өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.
«Медреседе оқып жүр, талай қазақ баласы.. Жасөспірім балаңыз мешіт жағалап, уағыз тыңдап, құран үйренуге бейімделсе хош демей ұстазы кім соны анықтаңыз!
Қай жерде, қандай жағдайда тәлім алады барып көз жеткізіңіз!
Алматы обл. Қарасай ауданындағы времянкалардың бірінде көлеңкелі медресе анықталды. Мұнда Тәжікстаннан келген азамат балаларға теріс ілім үйреткен. Араб қарпіндегі барлық діни әдебиет пен қолданылған техника тәркіленді. Айғақ заттар қажетті сараптамадан өтеді. Тәжік қамауға алынып, 19 бала ата-анасына қайтарылды», — деп жазды журналист.