Балаңды бағып үйде отыр деп беретін ақшасы итке лақтырған сүйектей тиын-тебен - Жаңа заң жобасы халықты дүр сілкіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 523.58
  • 549.71
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балаңды бағып үйде отыр деп беретін ақшасы итке лақтырған сүйектей тиын-тебен - Жаңа заң жобасы халықты дүр сілкіндірді

Балаңды бағып үйде отыр деп беретін ақшасы итке лақтырған сүйектей тиын-тебен - Жаңа заң жобасы халықты дүр сілкіндірді

Күні кеше балалар омбудсмені Диана Зәкиева ата-аналарға 12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдырмау туралы заң жобасын ұсынды.

  • 4 Желтоқсан
  • 20
Caravan.kz

Өкілдің бұл бастамасы қоғамның қызу талқысына түсіп, сынына ұшырады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Қоғам белсенділері бірінен кейін бірі аталған заң жобасын қызу талқылап жатыр. Блогер Мөлдір Анарбаева да аталған бастамаға қатысты өз пікірін ортаға салды.

«Ата-анасының қарауынсыз, үйде жалғыз қалатын бала көп біздің елде. Әрбір үшінші отбасыдағы жағдай. Жан бағу мен сол балаларды асырау үшін бір емес бірнеше жерде жұмыс істеп жүр.
Амал жоқ, мектеп пен бақшадан соң бірнеше сағат әке-шешесі жұмыстан келгенше балалар өздері отырады. Бала күтуші жалдауға жағдай келмейді. Үкімет балаңды бағып үйде отыр, деп беретін ақшасы итке лақтырған сүйектей тиын-тебен.

Бала құқығы жөніндегі омбудсменіміз Зәкиева балаларды үйде қараусыз қалдырған ата-аналарға қатысты заң қолдану керек, деп ұсыныс жасапты. Елдің жағдайын, күнкөрісі мен тіршілігін мүлде білмейтінін дәлелдеп тұр.

Біріншіден, бізде жалғызбасты аналар көп. Оларға тиісті деңгейде, жан бағуға жететіндей көмек көрсетілмейді. Амал жоқ, балаларды тастап, жұмысқа жегіледі.

Екіншіден, толыққанды отбасы болғанның өзінде, айлықтың аздығы мен күнкөрістің қымбаттығы бір адамның тапқанына телміріп отыруға мүмкіндік бермейді.

Үшіншіден, мемлекеттік бақша, мектеп, медициналық ұйымдар тиісті деңгейде қызмет көрсете алмаған соң, азаматтар жекеменшік мекемелерге жүгінуге мәжбүр. Ол дегеніміз тағы да қаржы керек деген сөз.

Төртіншіден, балабақша уақыты ары кетсе 6-да аяқталады да, жұмыс уақыты 6-сіз бітпейді. Сонда не қылмақ керек?

Айта берсең біріне бірі жалғасқан мәселе. Зәкиева секілді ақылдылар ойланса. Енді жетпегені онсыз да әупірімдеп отырған ата-анаға айыппұл салу еді. Ал егер шын мәнінде өз салғырттығымен, балаларға немқұрайды қараған ата-ана болса және ол бала жапа шексе, ондай әке-шешені өмір бойына бас бостандығынан айырса да болады», — деп жазды ол.