Сол себепті баланың күнде естіп тұруы тиіс сөздерді назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Баланың тұлғалық дамуы мен дүниеге деген көзқарасын қалыптастыруда айтқан сөздеріміздің ерекше маңызы бар. Күнделікті күйбең тіршілікпен жүріп, баламызға көңіл бөлмей қалып жүрмелік. Бұл сөздердің бәрін қолдана алмасаңыз да, ең құрығанда оны сүйетініңізді, мақтан тұтатыныңызды айтып отырыңыз.