Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Бейнежазбадан әйелдің баланы жылу батареясына байлап, ұрып-соққанын анық көруге болады.
«Баланы батареяға байлап, бар күшімен соққылайтындай не көрінді сонша? Видеоны жылап жатқан баланың әкесі түсіріп жіберді. Ал соққылап жатқан – сол бүлдіршіннің анасы. Баланы асырауға психикаларың шыдамай ма, тумаңдаршы айналайындар! Ересек екі ақымақтың кесірінен неге сәби зардап шегуі керек?! Қазір қажет органдарға видеоны жіберіп қойдым», – деп жазған ол.
Артынша Полиция басқармасы қауіпсіздік қызметі бөлімінің бастығы Абай Қайыпбай өзіне хабарласқанын айтады.
«Баланың анасы және бейнежазбаны түсіріп тұрған әкесі Панфилов ауданы Полиция басқармасына жеткізілді. Қазір аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – дейді ол.
Жетісу облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Чарапиев өз баласын соққыға жыққан әйелдің қамауға алынғанын хабарлады.
«Жаркент қаласындағы WhatsApp топтарында таралған бейнежазба фактісі бойынша Панфилов аудандық полиция қызметкерлері жедел түрде тексеру жүргізді. Тексеру барысында 28 жастағы әйелдің кәмелетке толмаған баласына дене жарақатын салғаны анықталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйел қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 2 бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық мән-жайды анықтағанға дейін Отбасын қолдау орталығына орналастырылды», – деді ол.