"Баланың қабілетін ашу әрбір баланың міндеті" - мұғалім - kaz.caravan.kz
  • $ 495.2
  • 522.34
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Баланың қабілетін ашу әрбір баланың міндеті" - мұғалім

"Баланың қабілетін ашу әрбір баланың міндеті" - мұғалім

Баланы шыңдау, оның қабілетін тану оңай емес жұмыс. Әрбір педагог, мұғалім оның талантын, дарынын ашуға тырысады. Ал қазіргі таңда жазғы лагерь. Лагерь кезінде 15-20 күннің ішінде мамандар олардың жасырын қабілеттерін барынша ашу қажет. Бұл оңай емес жұмыс. Дегенменде Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қалсындағы «Ақбөбек» лагерінің мамандарының қолынан бұл іс келуде.

  • 31 Шiлде
  • 3582
Screenshot

Лагерьге келген балалармен қалай жұмыс жасау керек? Ол балалардың шығармашылғын қалай ашып, шыңдау керек?

Осы және өзге де сұрақтарға «Ақбөбек» демалыс аймағының директоры Юсуф Қонысбайұлы жауап береді.

«Ақбөбек» жазғы лагеріне түрлі жастағы, түрлі мінезді, түрлі қабілеттері бар балалар келеді. Олардың өнерін қалай ашасыздар?

— Әрине ол оңай берілетін жұмыс емес. Балаларды өзімізге тарту үшін, бізге сенім білдірулері үшін алғашқы күні үлкен концертпен, біздегі мамандардың дайындағы шоу бағдарламасымен қарсы аламыз. Берілген аз уақыттың ішінде олардың қабілеттерін, таланттарын ашуымыз керек. Түрлі байқаулар ұйымдастырамыз, шоу бағдарламаларымыз бар. Одан кейін лагерьге келмес бұрын анкета толтырып, балалар бәрінен де нені жақсы көреді, қандай таланттары бар соның барлығын жазып аламыз. Соған сай жұмыс жасаймыз, балалардың каникулдары өте көңілді, қызықты өтуі үшін барымызды салып жұмыс жасаймыз. Байқаулар кезінде балалардың өздері білмеген, мүмкін байқамаған таланттарын ашып жатамыз. Әртүрлі байқауларда арнайы сертификат, марапат алып жатқандықтан балалар қызыға түседі. Сол себепті қызығып, басқа бала да «мен де қатысамын, мен де жасай аламын» деп өздері әртүрлі іс-шараларға қуана қатысады.

Жалпы баламен жұмыс істеу оңай емес. Ал бойындағы талантын ашып, қандай да бір өнерге баулу ерекше шыдамдылық пен байқампаздықты талап ететінін айтпасақ та түсінікті. Осы тұрғыдан қандай қиындықтар кездесіп жатады?

— Иә, дұрыс айтасыз. Баламен жұмыс жасау оңай емес. Әсіресе оның талантын, қабілетін ашу кезінде. Бірақ, егерде бала саған сенсе, сені ұстаз ретінде көріп сенім артса қиын емес. Әрине басында баланың саған сенуі, сенім артуы үшін кішкене шыдамдылық керек, төзімділік. Одан соң бала ұстазға сенім артқаннан кейін қандай кедергі болсын, қиындық болсын ол түк емес болады. Сондықтан да болашақ ұстаздарға айтарым, ең басында шыдамды болыңыздар. Одан кейін баланың қабілетін де, дарынын да ашу аса қиындыққа соқпайды. Ал енді бізде жазғы лагерь болғаннан кейін әртүрлі жастағы балалар келеді, кішкентай да балалар келеді. Олар басында бірден кеткісі келеді, тіпті жылап та жатады. Сол кезде біздегі мамандар оларды барынша жұбатып, қызықтырып, өз жұмыстарын жоғары деңгейде жасады. Ұстазына сенген бала үшін әрі қарай ештеңе де қиын болмайды.

Өзіңіз лагерь басшысы ғана емес, колледжде тәрбие ісі жөніндегі орынбасар болғандықтан тәрбие туралы сұрмасам болмас. Әркім өз баласын өзінің білгенінше тәрбиелейді. Бірақ, бәріне бірдей бағыттауға болатын жол бар ма? Нені ескеруі керек?

— Тәрбие туралы өте дұрыс сұрақ қойдыңыз. Әрине, әркім баласын өзінше тәрбиелеп жатады. Біз ұстаздар, ешкімнің баласы тәрбиелемейміз. Біз ең бастысы балаларды жақсы жаққа бағыттаймыз. Тәрбиені бала үйіне алады, ал мектепте оқу оқиды, білім алады. Ұстаздар өз оқушыларын жақсы жаққа бағыттау үшін барын салады, баламен жұмыс жасайды. Одан кейін әрбір бала, ол әртүрлі. Әрбірі бір тұлға. Түрлі адамның, санасы әртүрлі. Олардың ойлау қабілеттері де, мінезі де. Мысалы сіз басқаша ойлауыңыз мүмкін, мен басқаша ойлауым мүмкін деген сияқты. Сол секілді әр бала әртүрлі. Сондықтан олардың барлығын бір бағытта алып жүру мүмкін емес. Әр бала оның өзіне сай жұмыс жасайсың. Ең бастысы ұстаздар оны дұрыс жолға бағыттай білсе болғаны. Мектеп мұғалімі ол тек баланы оқытады. Оны тәрбиелемейді не тіпті бағыттамайды да. Ал егер лагерьде болса, үйірмеге қатысса онда әңгіме бөлек.

Өзіңіздің шығармашылық және кәсіби салаңыз бойынша қандай мәселелер бар және олардың шешу жолын ұсына аласыз ба?

— Жоғарыда айтып өткендей мен лагерь басшысымын әрі Жаңаөзен қаласында колледжде тәрбие жөніндегі орынбасармын. Екеуі екі түрлі сала. Лагерьде балалардың каникулын жақсы өткізуі үшін, оған қамтамасыз ету үшін барымызды саламыз. Ол жерде мынадай мәселе бар немесе мынадай деп айта алмаймын. Егер қандай да бір минус тұсымыз болса немесе бір нәрсе жетпей жатса біз оны толықтауға тырысамыз. Ол балаларды жақсы демалуы үшін, еркін болуы үшін, тамақтары тойымды болу үшін. Әлбетте бірінші кезекте ол демалып жүрген балалардың денсаулығы. Денсаулыққа өте қатты мән береміз. Одан кейін әрине балалардың сақтануы үшін. Бұл «кендерлі» демалыс аймағында болғандықтан, теңіздің жағасында болғандықтан балалардың қауіпсіздікте болуы өте маңызды. Ал колледже болатын мәселеге келетін болсақ.Қазақ «тәрбие тал бесіктен» деп жатады. Балалардың басым көпшілігі 9 сыныптан бітіріп келгендіктен әлі де еркекеліктері болып жатады. Оны қабылдай білу, онымен жұмыс жасау оңай емес. Бірақ, біз әрине балалармен де, ата-аналармен де міндетті түрде жұмыс жасаймыз. Ең басты қиындықтар осы тұрғысынан болмаса, ал былай мынадай мәселе бар деп ауыз толтырып айта алмаймын, оған тіпті аузым да бармайды.

Ал енді студенттердің қабілеттерін қалай ашасыздар? Олармен қалай жұмыс жасау керек?

— Колледж студенттері ол 15 пен 18 жасар арасындағы балалар. Бозбалалар мен бойжеткендер. Олармен үлкендерше, ақылдасып отырып сөйлесесің. Қандай өнерің бар, қандай салада өзіңді көргің келеді немесе қазір айналысқың келеді деген сияқты. Жастар әрдайым жаңа идеялардың қайнар көзі, оң өзгерістердің қозғаушы күші. Олармен жұмыс жасаған өзіме де ұнайды. Мысалы колледж ішінде жас парламент көшбасшыларының қауымдастығы құрылды. Бұл қаламызадғы мектептің, колледждің парламенттік жастар ұйымының көшбасшыларының басын қосып, қауымдастық құрған едім. Сол жас парламент көшпбасшылар қауымдастығына балалардың өздері қызығып, қатысып жатады. Қаламызда болсын, облыста болсын жас студенттер, балалар өздері қызығып қатысып жатады. Сондықтан олар қызығады, ал олардың әріқарай өрбуі үшін біз барымызды саламыз. Студенттермен жұмыс жасау, олардың қабілеттерін ашу қиын деп айта алмаймын. Олармен жұмыс жасау мен үшін өте үлкен бақыт, қуаныш. Олар жеңімпаз атанып жатса мен де ұстаздары ретінде бір марқайып қаламын. Бірақ бұл лагерьдегі балалармен жұмыста қуанбаймын деген сөз емес. Лагерьдегі балалардың да түрлі іс-шараларға қатысып, өздерін жақсы жағынан көрініп жатқанына мен өте қатты қуанамын. Олардың жетісті, ол да менің бір жетістігім деген сөз.

Балалар шығармашылығына байланысты алып қосарыңыз болса…

— Менің айтарым егерде ата-ана өзінің баласының қандай да бір қабілетін байқаса, оны үйірмеге беру керек. Бала үйірмеге қатысып оның қабілетін, талантын ашып жатады. Ол көптеген дайындықтан өтіп, іс-шараларға қатысып мүмкін тіпті өзі білмеген қабілеттерін де ашуы мүмкін. Әрине баланы үйірмеге беру аздық етеді, баланы қолдау маңызды. Өйткені әрбір бала қолдауға мұқтаж. Балаға шабыт беріп, мотивация беріп отырсаңыз балаңызға ештеңе де қиын болмайды. Ол барлығын да жеңіп шығатыны сөзсіз. Сондықтан ең бірінші ата-ананың қолдауы балаларға ауадай қажет. Балалардың шығармашылығын ашуымыз, оларды қолдауымыз біздерге, ата-аналарға ол өте маңызды. Тіпті бұл ата-ананың парызы десем де артық айтпағаным болар деп ойлаймын.

Сұхбатыңызға рақмет!