Ол бұл туралы жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Талақ құрбандарымен сөйлессең, "нақты баланың кімнен екенін білмеймін"- деп айтқанын үш төрт қыздан естідім.
Телефонмен неке қидырып, бір екі рет төсектес болып, талақ алып, қайтадан бір аптадан кейін басқасымен неке қидырғандар да бар.
Жеті баласымен тастап кеткен сәләфитті ақтап жатқан оңбағандарды оқып таң қалып отырмын.
"Арақ ішкендер де тастап жатыр ғой, сәләфиттер тастаса не болады"- деп жазыпты бір екеуі!
Арақ ішкен құдайды танымауы мүмкін, сақал қойып, балақ кесіп "құдай біреу"- деп құдайды танып жүрген есуас, арақ ішкен кәпірден (сәләфиттердің айтуы бойынша) еш айырмашылығы жоқ!
Өз құмарлығын, өз арам ойын діннің артына тығылып жасап жатқан миы уланғандар, болашақ жеті атасын білмей өсетін ұрпақты көбейтіп жатқандарын біледі ме екен?
Жеті атасын білмейтін ұрпақ, ұлттың жойылуына алып келеді! Қыздар сақалды салафандарға сенбеңдер! Жұмаққа сәләфиттер апармайды!
Жұмақтың есігін сәләфиттер ұстап тұрған жоқ!
Сәләфиттердің қолында жұмаққа апаратын путевка да жоқ!
Олардың ертегісіне сенбеңдер қыздар!