«BALAPAN» телеарнасында ребрендинг: Логотипі өзгеріп, эфир дизайны жаңарды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«BALAPAN» телеарнасында ребрендинг: Логотипі өзгеріп, эфир дизайны жаңарды

«BALAPAN» телеарнасында ребрендинг: Логотипі өзгеріп, эфир дизайны жаңарды

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы құрамындағы «Balapan» телеарнасы бүгіннен бастап жаңа логотиппен эфирге шықты.

«Жаңа брендбукке сәйкес, «балапандар» өсіп, тілі шыққан, яғни, енді балалармен сөйлесе алады. Арнаның бейнесі 4 түрлі мінезбен ерекшеленеді. Балапандар білімпаз, өнерпаз, спортқұмар және ерке.​ Әрбір сипаты заманауи балалардың қызығушылығы мен мінезін бейнелейді. Кішкентай көрермендер жаңа образдардан өздерін танып, виртуалды «дос» таба алады», - дейді арна мамандары.

Логотиптен бөлек, телеарнаның эфирі ID-роликтермен толықтырылып, заманауи аранжировкада жазылған аудио-роликтермен сүйемелденеді. Эфирді безендіруге арналған музыканы композитор Ермек Елгезеков жазып шықты.​ Ал жаңа әнұран авторлары – композитор Серікжан Әбдінұров пен ақын Олжас Қасым.

Телеарна​ ребрендингіне дайындық жұмыстары жарты жылға созылды. Жаңа логотипті жасауға еліміздің үздік дизайнерлері қатысып, арнайы фокус-топтар құрылды. Бұдан бөлек, арна аудиториясы – балалардың және ата-аналардың қалауын​ жан-жақты зерттеуді қамтыған статистикалық мәліметтер жинақталды. Ребрендинг жасау барысында логотиптің түсі мен қаріпіне де ерекше көңіл бөлінген.

«Balapan» телеарнасы жаңа телемаусымда 22 жоба ұсынады.Оның ішінде 9 анимациялық сериал мен 13 тележоба бар. Сондай-ақ шығармашылық ұжым телеарнадағы тікелей эфирді қайта жаңғыртып, «Кім тапқыр?» бағдарламасын жаңа форматта ұсынбақ. Көрерменмен кері байланыс орнатуға мүмкіндік беретін бұл бағдарлама аптасына 5 рет – дүйсенбі мен жұма аралығында эфирге шығады.

  • 1 Маусым 2022
  • 65
Фото - Caravan.kz