Баласы аулада боқтаса, ата-анаға айыппұл салынады – ІІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баласы аулада боқтаса, ата-анаға айыппұл салынады – ІІМ

Баласы аулада боқтаса, ата-анаға айыппұл салынады – ІІМ

Балалар көшеде боқтап, бейәдеп сөз айтса, ата-анасы айыппұл төлейді.

  • 24 Маусым
  • 13
Фото: egemen.kz

Ішкі істер министрлігі заңнама жағын түсіндірді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.

Бейәдеп сөз айту – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы бойынша ұсақ бұзақылық. 

Егер бала боқтап немесе бұзақылық жасаса – жауапкершілік ата-анаға жүктеледі. Айыппұл мөлшері баланың жасына байланысты:

  • 14–16 жас – ата-анасына 7 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), яғни 27 524 теңге айыппұл салынады (ҚР ӘҚБтК 435-бап). 
  • 16–18 жас – жасөспірімнің өзіне айыппұл салынуы мүмкін, бірақ табысы болмаса, ата-анасы төлейді. 10 АЕК-ке дейін, яғни 39 320 теңге (ҚР ӘҚБтК 66-бап). 
  • 12 жасқа дейін – толық жауапкершілік ата-анада. 10–15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады (39 320 – 58 980 теңге) (ҚР ӘҚБтК 127-бап). 

Кінәні дәлелдеу үшін полицияға келесі материалдарды ұсыну керек:


— куәгерлердің арыз-шағымы;

— бейне немесе аудиожазба;

— интернетте немесе жазбаша түрдегі қорлау жағдайына қатысты сараптама қорытындысы.

Перейти к новостям спорта