Жарияланды: 330

Баласы мектепке бармағаны үшін анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Ақмола облысының кәмелетке толмаған істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азаматша Р-ға қатысты кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерді дәлелді себептерсіз орындамағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарланды.

Дерекке қарағанда, азаматша Р-ның тәрбиелеуінде кәмелетке толмаған қызы болса да, оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттер орындалмаған, кызының мектепке баруын, сабаққа қатысуын ұйымдастырмаған, нәтижесінде кәмелетке толмаған қызы мектепке бармай оқу үдерісінен ұдайы қалып отырған. Сот барысында анасы кәмелетке толмаған қызының тіл алмайтынын, үйден кетіп құрбыларының үйінде қонатынын, мектепке бармай қойғанын және оқуға талпынысы мүлдем жоқтығын мойындады. Осыған орай, сот қаулысымен азаматша Р. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 111-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза белгіленді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін