"Баласымен орысша сөйлейтін аналарға жиіркенішпен қараймын" - Нұрлан Өнербаев - kaz.caravan.kz
  • $ 520.93
  • 609.07
+18 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Баласымен орысша сөйлейтін аналарға жиіркенішпен қараймын" - Нұрлан Өнербаев

"Баласымен орысша сөйлейтін аналарға жиіркенішпен қараймын" - Нұрлан Өнербаев

Әнші Нұрлан Өнербаев балалармен орысша сөйлейтін аналар туралы сөз қозғады.

  • 24 Маусым
  • 142
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол «Qasqa Jol» Youtube арнасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Баласымен орысша сөйлейтін аналарға жиіркенішпен қараймын. Қоғамның бір мүшесі болғасын әрі-бері жүреміз, елдің ортасында жүріп жатамыз. Орталықтарда боламыз. Баласымен не болмаса немересімен ана тілінде емес, басқа тілде сөйлесіп жатқандарға мен расымен жиіркенішпен қараймын. Аузыма түскен сөз емес, расымен жиіркенемін, өте жиіркенішті жағдай. Өзің қазақ ұлтының өкілі бола тұра, қазақтан туып, бүкіл болмысың ананың сүтімен сіңіре отыра, өз ұрпағыңа ана тіліңде сөйлей алмау деген — ата-анаңды тәрк ету, өз болмысыңды, ұлтыңды тәрк ету, бәрін жоққа шығару деген сөз», — деді Нұрлан Өнербаев.