Баласын 2 ай бойы қораптың ішіне қамаған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баласын 2 ай бойы қораптың ішіне қамаған

Баласын 2 ай бойы қораптың ішіне қамаған

Телефон қолданғаны үшін ағаш қорапқа қамалды. Боливияда меннонизм діни ағымын ұстанушы 21 жастағы баласын телефонмен сөйлескені үшін ағаш қорапқа қамаған.

  • 18 Маусым 2011
  • 494
Фото - Caravan.kz


Мұны біліп қойған жергілікті тәртіп сақшылары баланы босатуға келгенде оның қорапта отырғанына екі айдан астам уақыт өткенін анықтапты. 21 жасар Йохан Келшен осы жерде тамақ ішіп, ұйықтап, тіпті дәрет сындырған. Тәртіп сақшыларын көргенде бірден көзіне жас алып, қандай жағдай кешіп отырғанын айтып берді. Ал оның әкесі болса,Йоханды психикалық ауруға шалдыққан деп,  үш тауық ұрлағаны үшін қамағанын айтып ақтала бастаған. Дегенменоқиғаның өзгеше өрбігенін қамалған баланың өзі мен көршілері де дәлелдеп берді. Айта кетейік, меннонизм діни ағымын ұстанушылар өркениет ырзығынан бас тартушылар деп саналады. Көбі киімді де түймесіз киіп, көлік, телефон және жиһазды қолданбайды екен.

Соңғы жаңалықтар