“Бал-бала” ЖШС-нің жұмысшылары: Қыдырәлі Болманов жалақымызды бермей жүр! - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Бал-бала” ЖШС-нің жұмысшылары: Қыдырәлі Болманов жалақымызды бермей жүр!

“Бал-бала” ЖШС-нің жұмысшылары: Қыдырәлі Болманов жалақымызды бермей жүр!

«Қыдырәлі Болманов жалақымызды бермей жүр!» Бүгін “Бал-бала” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшылары осылай деп шағым айтты. Қазақ эстрадасы жарық жұлдызының  серіктестік құрып, қуыршақ шығарумен айналысқанына жарты жылдай болды. Ал жұмысшылардың айтуынша, оның жалақы төлемегеніне 5 айға жуықтапты. Бүгін наразылық білдіргендер кеңсенің алдына жиналды. Ал аталған серіктестік құрылтайшылары: «Жалақы қарызы азайған, оны біртіндеп қайтарамыз», -дейді.

  • 2 Маусым 2011
  • 642
Фото - Caravan.kz

Жансыз қуыршақты қазақшаға қайрап, тілін түзеген де Қыдырәлі Болманов. Сахна саңлағы Барбиға қарап бой түзеп, Шректен шімірікпеуді үйренетін ұрпаққа таңдау берді. Тазша бала мен Күлегешті күреске салды. Барыс жылының соңында оңды қадам жасап,қазақтың баласы бөтеннің былдырымен өспейді деп,жаһанға жар салған оны бүгін “Бал-бала” ЖШС-нің жұмысшылары кінәлап отыр. Сөздеріне сүйенсек, айлықшайлыққа жетпейді, Болманов болса,тиын татырмайды екен.

Дәнеш Несіпбаев, “Бал-бала” ЖШС бұрынғы жүргізушісі:

— Кеше ғана сөйлескенбіз, күнде сойлесеміз. Трубканы лақтырып тастайды. Звондасаң: «Не  қылдейсің?!» -дейді бізге. «Неқыл»дегенде,бізге ақшаны берсейші, ақшаны бермейді. Бала бағып отырмыз ғой,  бізде, маймыл бағып отырғанымыз жоқ. Таза еңбекақыны берсе, болды.

Серік Мұхамедиев, “Бал-бала” ЖШС қызметкері:

— Бес ай болды,шыдап келе жатырмыз… Әр нәрсенің бір шегі болуы  керек қой.

«Бес айдан бері бес тиын татырмайды» деп тағаттары таусылған азаматтар құжаттарын қолтықтай келіпті. Келісім-шарт келісті мөрмен бекітілген. «Ақша төлемеді демесең,жақсы әнші, әндері естен кетпейді» -дейді олар.   

Қытайдан құр қуыршақты әкеліп, Отанында қазақша тіл сындыртып,ұлттық киім кигізетін әншіні түс ауа таптық. Тілдесті, бірақ,бейнетаспаға түсуге құлықсыз.


Очень трудно, очень сложно. И не от того,чтото там…. ей, қоя тұршыайналайын

Бармақтай заттың байыбына барған соң, Болманов мырза «қызметкерлерім қара күйе жақты» деп ашып, ашық айтты. Кеңсеге ерте барып,жалақы алғанда,қойылған қолдарды көрсетті. Ел танитын азамат сұхбат бермеді, бірақ айтарын әріптесіне айтқызды. «Аз да болса қарыз бар, қапылып,шу шығарудың қажеті жоқ» -деп бір түйді ол. 

Сәлім Болман, “Бал-Бала” ЖШС құрылтайшысы:

— Көптеген қарызымыз жоқ деп айтпаймын, бірақ та жас компания болғандықтан,  шамалы қарыздарымыз бар. Ол берілмейді деп айтылып жатқан жоқ.

Кімдікі шын, кімдікі өтірік? Телеарнаның айтар төрелігі жоқ. Бірақ, қуыршақтың көмейін қазақша бүлкілдеткен әнші соттың алдында жауап беруі ықтимал. Жалақыға жарымаған жандар әнші һәм жұлдыздың табалдырығын тоздырудан шаршаған; сотқа арызданып үлгеріпті. 

Соңғы жаңалықтар