"Бәле болып жабысты": Дариға Бадықова оққағармен сахнаға шыққанына өкінетінін жасырмады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бәле болып жабысты": Дариға Бадықова оққағармен сахнаға шыққанына өкінетінін жасырмады

"Бәле болып жабысты": Дариға Бадықова оққағармен сахнаға шыққанына өкінетінін жасырмады

Отандық актриса, әнші Дариға Бадықова көрермен алдына күзетшімен шығып, сынға қалған еді. Өнер иесі сол қылығына өкінетінін жасырмады.

  • 30 Сәуiр
  • 254
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Актриса оқиғаның қалай болғанын айтып, халықты қатты сөкпеуге үндеді. 

“Сол бір «телохранитель» (оққағар) бәле болды. Біз ол кезде Атырауға корпоративке барғанбыз. Үлгермей кетті. Бір күнде 8 мейрамханаға тапсырыс түскен. Бізге де ақша түскен. Мамандығың сол ән айтып, би билеу болған соң жүреміз ғой. Бірінші күні ол оққағарларды алған жоқпыз. Нақтысы бермеді. Бұл – халықтың жылына бір көңіл көтеретін мерекесі. Сосын жақсы көретін әртісін ұстап көріп, тартып көреді. Бұл өздерінің махаббаттары. Менде өзім ұнатқан адамымды ұстап көргім келеді. Сөйтіп, екінші күні үлгермеген соң, мейрамхананың өзі оққағар берді», – дейді Дариға Бадықова.


Сонымен қатар әнші бір жағынан қорғану үшін де оққағар көмегіне жүгінгенін жасырмады. Мерекелік кештерге ішіп алған адамдардың болатынын біліп, күзетшімен шығуды жөн көргенін айтты. 

“Дұрыс түсініңіздер! Бұл біздің болдық, толдық дегеніміз емес. Осы оқиғадан кейін оққағар бәле болып жабысты. Қайсы біріне ақтала бересің. Халықтан қорғанатын дымымыз да жоқ», – деп ашуланды актриса.