Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Хан-апа, Абайдың өзі «сөз ұқпайтын надандардан күнде жеңілген…»
Бәлеқорлар мен жалақорлар сөзді бұрмалаудың, бәле-жала жабудың мәстірі боп тарихта қалса, сіз қарақылды қақ жарушы Хан-апа, Ақын-апа болып тарихта қаласыз.
Өсек пен өтірікті қатыннан бетер бұрқырататын еркексымақ ездердің тым көп болуы қайбір жақсылық болсын…… Өз басым, бұқарбай деген өсекшіні баяғыыыы заманда Шекербектің банясына қамағанмын…. Құлбек ағамызға не жоқ десеңші…. Ұят! Масқара», — деп жазды журналист.
Естеріңізге сала кетейік, Баспагер Бақытжан Бұқарбай марқұм Дулат Исабековтың асында ақын Ханбибі Есенқарақызының көңіл айтудың орнына мемлекеттік сыйлық ала алмай жүргенін айтқан еді.