Балғынбек Имаш: Қару алып соғысамын дегенім агрессия емес, ол отанды қорғау - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балғынбек Имаш: Қару алып соғысамын дегенім агрессия емес, ол отанды қорғау

Балғынбек Имаш: Қару алып соғысамын дегенім агрессия емес, ол отанды қорғау

Белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имаш "Қару алып соғысу", - туралы постына байланысты өз себебін түсіндірді.

  • 4 Ақпан 2021
  • 302
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол "Qasqa jol" Youtube арнасына берген сұхбатында айтты, — деп жазады Caravan.kz медиа порталы.

"Қару алып соғысамын дегенім агрессия емес, ол отанды қорғау. Керісінше, соғыспаймын дегендерді кінәлайтын заман болуы керек. Біз керісінше "соғысамын, қорғаймын", — дегендердің астарынан жамандық іздеп, "әсіресе діншілдерден сақтану керек, мұның артында агрессия жатыр", — деп жамандық іздейтін қоғамға айналып барамыз. Қазір майысып, ұршық не болмаса қыздың кестесін ұстайтын жігіттер көбейіп жатқан кезде, елімді қорғаймын деген азаматтарды қорғаудың орнына, осындай қитұрлықтарды іздейтін қоғамға айналдық. Керісінше, "жеріңді тартып аламын, отбасыңның ойранын шығарамын", — деген кезде қолыма қару алып, соғыспаймын дегендердің барлығы сатқын болуы керек", — деп айтты ол.

Балғынбек Имаш, сұхбат барысында сондай-ақ, коронавирусқа қарсы вакцинаға сенбеуінің себебі, жемқорлықтың жазасы туралы ашып айтты. Жүрсін Ерманның «жаласына» өкпесін білдіріп, Мұхаметжан Тазабектің діни біліміне қатысты пікір білдірді.