Балғынбек Имашев 10 жыл бұрынғы суреттерін жарыса салған әншілер мен халықты сынап тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балғынбек Имашев 10 жыл бұрынғы суреттерін жарыса салған әншілер мен халықты сынап тастады

Балғынбек Имашев 10 жыл бұрынғы суреттерін жарыса салған әншілер мен халықты сынап тастады

Балғынбек Имашев 10 жыл бұрынғы суреттерін жарыса салған әншілер мен халықты сынап тастады.

  • 21 Қаңтар 2019
  • 125
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Балғынбек мырза желідегі парақшасында былай деп өлең жолдарын арнады:

"Қилы-қилы заман болар,
Қарағай басын шортан шалар.
Алладан безіп, адам қор болар,
Табынғандары ғаламтор болар. 
Көргені Дресс код болар, 
Ергені флешмоб болар. (Мөңке би айтқысы келген, бірақ айтпаған)
***
Он жылда не өзгерді? Білемісіз? 
Үдеріс байқаймысыз үнемі сіз?
"Өлсем орным қара жер, сыз" деуші еді, 
Бұл күнде тірілердің жүрегі сыз.
***
Он жылда Анамыздың тілі өзгерді, 
Жасанды әншілердің үні өзгерді. 
Еркекке сырға тағып, шашын бояп, 
Шығардық төрімізге кіл ездерді.
***
Он жылда атамыздың діні өзгерді,
Өйткені, құлшылықтың түрі өзгерді. 
Алла деп "Крещениеде" суға түскен,
Мұсылманға мұнафиқ мінез келді.
***
Он жылда "Нұротанның" нұры өзгерді, 
Өткізді EXPO, саммит, съездерді.
"Рухани жаңғыру" деп ұран салды, 
Құрансыз құр ұраннан кім өзгерді?
***
Он жылда қыз өзгерді, ұл өзгерді,
Бас әрпі Милицияның П-ға өзгерді. 
Полицейге пысқырмас педофил мен, 
Денисін өлтіргенді бұ көз көрді.
***
Армян, курд, шешен, тәжік тайраңдады, 
Ата Заң қорғаныңа айналмады.
Киікті қорғаған ер көз жұмса да, 
Қылмыскер еркіндікте сайрандады.
***
Ботекспен ессіз қыздың еріні өсті, 
Жасанды силиконмен желін өсті.
Келіннің сәукелесі мазақ болып, 
Қазақтың сағы сынып, көңілі өшті.
***
Ұмытып бабасының айран, құртын,
Талайлар салт-санадан тайған бұл күн. 
Желіге онжылдығын жарыса сап, 
Желігіп жатқан менің, қайран жұртым…".