“Балғынбек Имашевтың ұлына алдандық”: Қажылыққа барамыз деп ақшаларынан айырылғандар шу шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.03
  • 584.82
+27 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Балғынбек Имашевтың ұлына алдандық”: Қажылыққа барамыз деп ақшаларынан айырылғандар шу шығарды

“Балғынбек Имашевтың ұлына алдандық”: Қажылыққа барамыз деп ақшаларынан айырылғандар шу шығарды

Балғынбек Имашевтың ұлы Данияр Имашевқа алдандық деген бір топ адам шу шығарды. Ашулы топ туристік компанияның кеңсесіне басып кірген.

  • 9 Сәуiр
  • 135
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

marjuka92 есімді Tik Tok қолданушысының сөзіне сенсек, qazaq_travel компаниясы қажылыққа бармақ болған бір топ адамды алдаған көрінеді.

”Ал, достар, 11 шағын аудан, 3/1 мекен жайында орналасқан qazaq_travel компаниясы адамдардың бәрін Умра алып кетеміз деп алдап, үш түгейлі жоқ. Жаңа полиция қызметкерлері барлығын алып кетті. Қызметкерлерінің айлығын да бермеген алаяқ болып шықты. Балғынбек Имашевтың баласы Имашев Данияр осы жерде отырады. Адамдардан миллиондап ақшаны жинап, үш түгейлі жоқ. Ең көбі 30 миллион алған. Біз сеніп келісімшарт жасасып жүрсек, бәрі қоқыста жатыр. Ақшаны қайтармайды. Полициядан да дым хабар жоқ. Әлеуметтік желілердегі парақшаларында әдейі пікір бөлімін жауып тастаған. Жаңа осы жерге біраз адам келіп, ақшаларын ала алмай жылап-жылап кетті. Сақ болыңыздар!”, — дейді ол.

Келесі видеода автор Данияр Имашевтың кабинеті деп қаңырап бос тұрған кабинетті көрсеткен.

”Міні мынау Данияр Имашевтың кабинеті. Мына жерде “мен Данияр Имашев біршама адамға тур ақшасын, 3 миллионды 14 күн ішінде қайтарып беремін” деп қолхат жазған. Бастапқыда алданған адамдар неге ескертпейсіңдер. Әлеуметтік желілерге шығармайсыңдар ма? Тағы да қаншама адам алданып жатыр ғой”, — дейді ол.

Мадина Жеңісқызы есімді ару да qazaq_travel компаниясына алданғанын айтқан.

”Менің есімім Мадина Жеңісқызы. Араларыңызда qazaq_travel-ге алданғандар болса, жиналайық, ақшамызды бірге қайтарайық. Халыққа үндеу жасайық. Бұл бірінші рет емес. 15 жылдан бері жұмыс істеп жатырсыз деп Алланың атымен сөйлеп, халықты алдайды. Осы компанияның директоры Данияр Имашев — Балғынбек Имашевтың ұлы. Ел көтерген азаматтың ұлы елді жеп жатыр. Ақшамыз қайтса, қайтады. Қайтпаса, бізден кейін адамдар алданбасын. Ескертіп жатырмыз. Тағы да басқа ақпарат білсеңіздер жазыңыздар. Адамдар арыз жазса да ештеңе жасалмай жатыр. Сонда олар осылай алдай бере ме? Маған қазір Instagram-ға салған суреттерді өшір деп жазып жатыр. Оның алдында мен жазғанда оқымайтын, жауап бермейтін!”, — дейді ол.

Ал, qazaq_travel компаниясы әзірге әлеуметтік желілерде ешқандай мәлімдеме жасап, жауап берген жоқ.

Ал, әлеуметтік желіде өзін аталмыш компанияның директоры деп таныстырған Заур Сыздықов Instagram желісіндегі посттарындағы пікір бөлімін жауып тастаған.

Видеода полиция қызметкерлерінің келегенін көруге болады. Әзірге құқық қорғау органдары қызметкерлері тарапынан ресми мәлімедеме жасалған жоқ.