Балхаш мырыш зауыты іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балхаш мырыш зауыты іске қосылды

Балхаш мырыш зауыты іске қосылды

"Қазақмыс" корпорациясы Балхаш мырыш зауытын межеленген мерзімінен бұрынырақ пайдалануға берді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне корпорацияның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 18 Қыркүйек 2003
  • 1182
Фото - Caravan.kz

Жобалық қуаты жылына 100 мың тонна қабыршақ мырыш өндіруге есептеліп, жалпы құны 120 млн. долларды құрайтын жаңа зауытты корпорация 2003-жылдың қазан айында пайдалануға беруді жоспарлаған болатын, бірақ мырыш зауыты қазірдің өзінде іске қосу кезеңінен өте бастады.

Корпорациядағылардың хабарлауынша, қазір зауыт цехтарында негізгі жабдықтар сынақтан өткізілумен бірге қосалқы бөлшектерді, жеткіліксіз детальдарды құрастыру жұмыстары жүргізілуде. Зауыттың негізгі цехы жұмысқа толыққанды әзірленіп, зертханалар іске қосылды. Барлығы 600 адам жұмыс істеуге тиіс бұл зауытта қазір 400 адам жұмысқа қабылданып, технологиялық процессті меңгеруде. Зауытқа алғашқы 7 мың тонна шикізат жеткізіліп те үлгерді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Балхаш мырыш зауытында еліміз бойынша тұңғыш рет автоклавтық шаймалау тәсілі қолданылады. Бұл әдіс мырыш өндірудің стандартты тәсілімен салыстырғанда өнім өндірудің техника-экономикалық көрсеткіштерін арттырып, құрамында мырышы аз концентраттарды зиянды қалдықсыз өңдеуге мүмкіндік береді.
«Қазақмыс» корпорациясы Балхаш мырыш зауытында өндірілген қабыршақ мырышты дүниежүзілік нарыққа шығармақшы.

Соңғы жаңалықтар