Балхаштағы колонияда сотталғандар жасаған жарылыстың салдары жойылып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балхаштағы колонияда сотталғандар жасаған жарылыстың салдары жойылып жатыр

Балхаштағы колонияда сотталғандар жасаған жарылыстың салдары жойылып жатыр

Балқаштағы АК 159/21колониясында сотталғандар жасаған жарылыстың салдары жойылып жатыр, деп хабарлады ӘМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз хатшысы Ғалымжан Хасенов.

  • 12 Шiлде 2011
  • 341
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, мекемедегі оқиға туралы толық ақпарат қираулар тазартылған соң беріледі. «Қазір қирауларды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деді Ғ. Хасенов

Қашуға әрекеттенген, кейін өздерін жарып жіберген сотталғандардың тағдыры не болғаны туралы ресми ақпарат әзірге жоқ.

Бұрын хабарланғандай, АК-159/21 мекемесінде қамауда отырған бір топ адам 11 шілдеге қараған түні қашуға әрекеттенген. Суық және атыс қаруларымен қаруланған олар қарауыл күзетшісіне шабуылдаған.

Қарсыласу кезінде ҚАЖ екі қызметкері пышақтан, төрт қызметкер қару оғынан жарақат алған. Олардың біреуі ауруханаға жетпей, көз жұмды.

Кейін қылмыскерлер колонияның өнеркәсіптік аймағына барып жасырынған. ІІД-нің «Арлан» арнайы жасағы осы ғимаратты шабуылмен басып алу шарасын жүзеге асырды.

Осы операция кезінде жарылыс болды. Қашпақ болған сотталғандар оттегі балонының көмегімен өздерін жарып жіберген деп болжанып отыр.

Соңғы жаңалықтар