Балқаш көлінде денелері табылған 4 адамның есімдері анықталды, олардың бірі - «Балқаш балық» фирмасының директоры - kaz.caravan.kz
  • $ 510.81
  • 578.59
+18 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балқаш көлінде денелері табылған 4 адамның есімдері анықталды, олардың бірі - «Балқаш балық» фирмасының директоры

Балқаш көлінде денелері табылған 4 адамның есімдері анықталды, олардың бірі - «Балқаш балық» фирмасының директоры

Қарағанды облысының Балқаш көлінде өткен сенбі күні табылған өлтіріліп, денелері өртенген 4 адамның есімдері анықталды, деп хабарлады Балқаш қалалық прокуратурасынан.

  • 14 Қаңтар 2013
  • 583
Фото - Caravan.kz

Прокуратурадан нақтылағандай, қаза тапқан адамдардың арасында үш ер адам мен бір әйел болды.

«Қаза тапқандар — «Балқаш балық» ЖШС фирмасының директоры, оның зайыбы және әкелі-балалы екі балықшы», — деді Балқаш қалалық прокуратурасынан.

Бұрын хабарланғандай, 12 қаңтар күні Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы Шашубай кентіне жақын жердегі Балқаш көлінің мұзында тұрған УАЗ-390 көлігінің ішінен 4 өртенген мүрде табылды. Олардың барлығы сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 96 бабының 2 бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.