Балқаш көлінде із-түссіз жоғалған үш балықшы іздестіріліп жатыр
|
Балқаш көлінде балық аулауға шыққан үш адам із-түссіз жоғалып кетті. Хабар-ошаршыз кеткен оларды туыстары 3 күн күтіп, дабыл қаққан.
Тіс қаққан балықшылар мінген моторлы қайық жағадан 800 метр жерден табылды. Ал өздері ізім-ғайым жоқ. Қазір олардың батып кетуі мүмкін деген жері, Балқаш көлінің солтүстік жағын сүңгуірлер тобы тінтіп жатыр. Олармен қоса, полиция қызметкерлері де жақын маңдағы аралшықтар мен жағалауларды тексеруде.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін