Жарияланды: 320

Балқаш көлінде мұз үстінде 4 адамның жанып кеткен мүрделері бар көлік табылды

Өткен демалыс күндері Қарағанды облысының Балқаш көлінде ішінде жанып кеткен 4 адамның мүрдесі бар көлік табылды, деп хабарлады полицейлер.

«Өткен сенбі, 12 қаңтар күні Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында, Шашубай кентінен алыс емес жерде Балқаш көлінің мұзының үстінде тұрған УАЗ-390 көлігінің ішінен жанып кеткен 2 ер адам мен 2 әйелдің мәйіттері табылды», - деп хабарланды полициядан. Мәйіттер сот-медициналық сараптамаға жіберілді. ҚР ҚК-нің 96-бабы, 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін