«Өткен сенбі, 12 қаңтар күні Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында, Шашубай кентінен алыс емес жерде Балқаш көлінің мұзының үстінде тұрған УАЗ-390 көлігінің ішінен жанып кеткен 2 ер адам мен 2 әйелдің мәйіттері табылды», — деп хабарланды полициядан.
Мәйіттер сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
ҚР ҚК-нің 96-бабы, 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.