Балқаш көлінің жағасында байкерлердің V Халықаралық фестивалі өтеді
Шілденің 15-17 күндері Балқаш көлінің жағасындағы "Тұлпар" демалыс үйінде V Халықаралық байкерлер фестивалі болады. Оны "KZ BIKE" және "CUSTOM SOUND" қоғамдық бірлестіктері бірлесіп ұйымдастыруда. |
"Балқашты сақтаймыз" деген ұранмен өтетін бұл шара ТМД елдері тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып отыр. Бағдарламада рок-топтардың концерті, түрлі байқаулар, мотокросс, квадроцикл, Балқаш қаласындағы байкерлер шеруі, қалыңдықтар шеруі және каскадерлардың көрсетілімі жоспарланып отыр.
Былтыр бұл шара 16-18 шілде күндері "Балқаш-Нұрсая" туристік-сауықтыру орталығында өткен еді. "Нұр Отан" ХДП-ның қолдаумен өткен фестиваль кезінде орталықтың алғашқы кезеңі іске қосылып, киіз үй қалашығы ашылған болатын. Жалпы, өткен 4 жылдың ішінде фестивалге қатысушылар ауқымы кеңейіп, ТМД елдерімен қатар Германия, Австрия, Польша, Чехия, Италия, АҚШ, Австралия, Жапония сияқты алыс шет елдерді де қамтыған еді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін