Балқашта 4-ші күн болды ауыз су жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балқашта 4-ші күн болды ауыз су жоқ

Балқашта 4-ші күн болды ауыз су жоқ

 

  • 7 Сәуiр 2023
  • 15
Фото - Caravan.kz

Балқаш халқы 4 күннен бері ауыз сусыз отыр. Әкімдік күнде кешке су береміз деген уәдені үйіп-төгіп әлі жүр деп хабарлайды  Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап. .

Халықтың 4 күннен бері сусыз отырғанын әкімдік растап отыр. Айтуларынша бұған дейінгі ақау жөнделгенімен, су беру кезінде тағы бір тұс сыр беріпті. Яғни, бас магистралды құбырдағы ысырма ауыстырылып, резервуарға су толтыру кезінде қақпа клапаны кептеліп қалған.

“Кеше кешкі сағат 20:00-де қаладағы таза су резервуарларын толтыру жұмыстары басталды. Магистральдық құбырдағы су балғалары мен екпінін болдырмас үшін Тоқырау бас сорғы станциясынан қалалық СВР-ға біртіндеп ұлғайту арқылы су берілді. Сумен жабдықтау көлемінің кезекті ұлғаюы кезінде диаметрі 500 мм болатын қақпа клапаны кептеліп қалды. Осының кесірінен, негізгі сорғы станциясында, бұл бізге үлкен параметрлерге жетуге мүмкіндік бермей жатыр”, — делінген әкімдік ақпаратында.

Осылайша жұмысшылар қаладағы таза су резервуарларын кезең-кезеңімен толтыру жұмыстарын жалғастырып, Тоқырау бас сорғы стансасының жүйесін босату, кептеліп қалған қақпа клапанын ауыстыру жұмыстарын қолға алған. Әкімнің сөзінше бүгін кеште халыққа су берілуі тиіс.


Еске салайық, бұған дейін Балқаш тұрғындары 3 күннен бері ауыз сусыз отырғанын жазған едік.