Балқашта байкерлер бас қосты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балқашта байкерлер бас қосты

Балқашта байкерлер бас қосты

Рок әуенін сүйетін қауым осы жексенбі жасап қалды. Балқаш көлінің жағасында 5-ші халықаралық байкерлер слеті өтті. Мотоциклдің сан түрі көрсетілетін қызықты демалыс күндерін тамашалауға 3 жарым мыңнан астам адам жиналды. Оның ішінде шекаралас елдердің өкілдері де бар.

  • 19 Шiлде 2011
  • 496
Фото - Caravan.kz

Жатты жақынындай көріп, байктың кешін кайфтың кеші деп осылай ұрандататын қауымның Құдайы берді. Жыл он екі ай дегбірі қашып, мініс көрмеген мотоциклдерін тақымдауды тағатсыз күтетіндер Байк-фест десе байыз таппайды. Бұл жолы Балқашқа ат басын бұрғандарда қисап жоқ. Қара құрым қауым көп түсіне бермейтін байкерлер, бұл күнде жұмыс деп жұмыр бастарын ауыртпай тек көңіл көтерді. Қарыны тоқ, уайымы жоқ, көйлегі көк байкерлер 2 күн ішінде 30 мың литр сыраны бір-ақ сілтепті.

Әскер, байкер:

Өмірді мотоциклсіз елестету мүмкін емес. Әсіресе біздің Шымкетте мотоциклмен жүру өте қиын. Дегенмен бір рет дәмін татсаң қайта байқап көрмеу мүмкін емес. Және біз сыра ішіп демалғанды ұнатамыз.

Демалыстың түбін түсіретін байкерлердің биылғы жиынына 3 жарым мың адам жиналған. Елімізден бөлек өзбек, қырғыз, орыс ағайын да осы думанда жүр. Барлығы шіліңгір шілдені күтіп әбден қақсыған. Келгеннен темір тұлпарларын көрсетіп кеуде керіп, кейбірі ескі-құсқысының іреңін кіргізіп әлек. Тіптен театр артисі сынды арнайы киім кигендері де жоқ емес. Бастысы қос дөңгелекті темірді тақымдағандар басы ауған жаққа баса береді.


Виктор, байкер:

-Біз үшін жолда жүру күш жинаумен тең. Жолдасым қашан тоқтайсың дейді. Денім сау тұрғанда жүре беремін мотоциклмен.

Мотоциклдің жарысы да жанды алады. Бұл жерде жылдамдықты асырдың деп жағадан алмайды, керісінше мадақтап марапат береді. Бірақ қиыннан қиыстырылған жолмен жөңкіліп өту қиямет. Биыл басын жарып, сүйегін сындырып майып болған жан болмады. Көлдің жағасында көлгірсіп жатқан да ешкім жоқ. Даңғырлаған рок әуен көптің көңілін сергітті, сыраға сылқия тойғандар қылық шығарды. Ал бойжеткендер болса тәндерін жалаңаштап жиналғандарды қарқ қылды. Көзді ашып жұмғанша өте шыққан демалыс көптің мауқын басты. Тұлпарды емес темірді тақымдағандар тағы кетті жортып. Тас жолда дамылдамайтын жандар келесі жылы қайта жиналмаққа уәде етті. 

Соңғы жаңалықтар