Жарияланды: 430

Балқашта бес қабатты үйден өрт шығып, бес адам иістен уланған

Қарағанды облысының Балқаш қаласында 5 қабатты үйден өрт шықты. ТЖМ хабарлауынша, иістен уланған бес адам ауруханаға түсті. Олардың арасында он, бес және үш жастағы балалар да бар. Сонымен қатар, сегіз адам құтқарылып, тағы 11 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Жалын жалпы аумағы 15 шаршы метрді шарпыған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін