Балқашта колонияға шабуыл жасаған арнай жасақ қызметкерлеріне аөшалай сыйлық табыс етілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балқашта колонияға шабуыл жасаған арнай жасақ қызметкерлеріне аөшалай сыйлық табыс етілді

Балқашта колонияға шабуыл жасаған арнай жасақ қызметкерлеріне аөшалай сыйлық табыс етілді

Қарағанды облысы Ішкі істер департаментінің бастығы Нұрлан Рахымберлин Балқаштағы колонияда қарулы тұтқындарға қарсы операцияға қатысқан "Арлан" арнайы бөлімше қызметкерлеріне ақшалай сыйлықтар табыс етті.

  • 14 Шiлде 2011
  • 465
Фото - Caravan.kz

Салтанатты шараға қатысқан «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің тілшісі хабарлағандай, генерал майор арнайы жасақ бөлімшесінің 20 қызметкерінің әрқайсысының қолын алып, батылдығы мен кәсіпқойлығы үшін алғыс білдірді.

«Сіздер өз өмірлеріңізді тәуекелдікке тіге отырып, түзеу колониясы аумағында қарулы қылмыскерлерге қарсы батыл күрестіңіздер. Осы атыс кезінде сіздер шегінбедіңіздер, қылмыскерлерге қасқайып қарсы тұрдыңыздар. Өмір үшін қауіпті жағдайда батыл әрекеттеріңізбен ерлік жасадыңыздар. Сіздерге кәсіпқойлық және батылдық танытқандарыңыз үшін үдкен алғыс айтамыз», — деп Н.Рахымберлин әрбір қызметкерге 50 мың теңгеден тапсырды.
Бұрын хабарланғандай, дүйсенбіге қараған түні 16 тұтқын 159/21 колониясынан қашпақ болған. Олар колония контролерін өлтіріп, қылмыстық-атқару жүйесінің төрт қызметкерін жаралағаннан кейін колония аумағындағы өндірістік цех ғимаратына бекініп алған.
Арнайы жасақтың шабуылы кезінде тұтқындар өздерін өздері жарып қайтыс болды.
Адам шығыны және колония қызметінде іріткі тудырғаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар