Қалалық ІІД Әкімшілік полиция бөлімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сүйенсек, «Тойота Ланд Крузер Прадо» көлігін тізгіндеген 41 жастағы азамат бағдаршамның қызыл түсіне қарамастан көше қиылысына шығып кеткен. Сөйтіп өрт сөндіруге бара жатқан көлікке жол бермей апатқа ұшырады.
Джип жүргізушісі миы шайқалып ауруханаға түсті.
«Бастапқы мәліметтерге қарағанда, джип көлігінің жүргізушісі жол ережесін екі рет өрескел бұзған. Жол апатына қатысты түпкілікті тұжырым тергеу амалдары аяқталғаннан кейін жасалмақ», — дейді полицейлер.