Балқашта өз бәсекелесін әйелімен және екі жұмысшысымен қосып өлтірген күдікті полиция келіп жеткенше өзіне қол салған - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балқашта өз бәсекелесін әйелімен және екі жұмысшысымен қосып өлтірген күдікті полиция келіп жеткенше өзіне қол салған

Балқашта өз бәсекелесін әйелімен және екі жұмысшысымен қосып өлтірген күдікті полиция келіп жеткенше өзіне қол салған

Қарағанды облысының Балқаш қаласында «Балқаш балық» ЖШС басшысы, оның зайыбы және екі балықшының өліміне қатысы бар-жоғын анықтау үшін құқық қорғау органдары тексерген балық аулау фирмасының директоры өзіне қол салған. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақст ан» агенттігіне қалалық прокуратура мәлімдеді.

  • 14 Қаңтар 2013
  • 304
Фото - Caravan.kz

Бұрын хабарланғандай, сенбі күні Балқаш өзеніндегі мұзда өртеніп кеткен «Уаз» көлігінен «Балқаш балық» ЖШС директоры, оның зайыбы мен екі балықшының мәйіті табылған. Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 96-бабы (кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жексенді күні тергеу тобы омв қылмыстық іс бойынша бәсекелес фирм аның директорынан жауап алуды жоспарлаған. Алайда полиция келгенше ол мылтықпен өзін атып өлген.