Балқашта шойын құймасын өндіретін жаңа зауыт пайдалануға берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балқашта шойын құймасын өндіретін жаңа зауыт пайдалануға берілді

Балқашта шойын құймасын өндіретін жаңа зауыт пайдалануға берілді

Қарағанды. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" -Балқашта шойын құймасын өндіретін жаңа зауыт пайдалануға берілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Хабар агенттігіне сілтеме жасап.

  • 25 Қыркүйек 2008
  • 868
Фото - Caravan.kz

Зауыт жылына 30 мың тонна өнім шығара алады. Құны 655 милион теңге тұратын бұл инновациялық жоба «Қазақстанның ұлттық иновациялық қоры» мен ресейлік «Стальпроект» институты ынтымақтастығының нәтижесінде жүзеге асты. Жаңа металлургиялық кешен екі жылға жетпей салынып бітті. «Қазақстанның ұлттық инновациялық қоры» қаржыландырып, ресейлік мамандардың сирек технологиясымен жасалған пеш металлургиялық өндіріс қалдықтарынан, қымбат агломератты пайдаланбай-ақ, шойын алуға мүмкіндік береді.

«Қазына» тұрақты даму қорының басқарма төрағасы Арман Дунаевтың айтуынша, «мұның ерекшелігі — Ресейдің жаңа технологиясы алғаш рет бізде, Қарағанды облысында қолданылуы. Бұл — үлкен жетістік».

Жаңа кәсіпорынның жобалық қуаты онша жоғары емес — жылына 30 мың тоннадан аса ғана. Алайда, мамандардың айтуынша, қажет кезде өндірісті ұлғайтуға аса көп қаржының керегі жоқ. Ал, жүзеге асырылған жобаға шамамен 5 млн доллар жұмсалған, деп хабарлайды телеарна.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар