Жарияланды: 400

Балқашта жағалаудан бөлініп кеткен мұздағы үш балықшы құтқарылды

Қарағанды облысында құтқарушылар Балқаш өзенінің жағалауынан бөлініп кеткен мұзда қалып қойған үш балықшыны құтқарып алды. Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, Балқашта «Ақ тас» ауданында жағадан бөлініп кеткен мұз үстінде көлікпен үш балықшы қалып қойғаны туралы кеше күндіз хабар келіп жеткен. Құтқарушылар балықшыларды жағалауға аман-есен алып шықты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін