Балқаштағы бүлік шығарушылардың арасында біреуі экстремизм үшін сотталған болатын - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балқаштағы бүлік шығарушылардың арасында біреуі экстремизм үшін сотталған болатын

Балқаштағы бүлік шығарушылардың арасында біреуі экстремизм үшін сотталған болатын

Балқаш түрмесінде бүлік шығарған сотталғандардың арасындағы біреуі экстремизм үшін сотталған, деп ҚР әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚР ӘМ ҚАЖК) төраға орынбасары Талғат Ахметов хабарлады.

  • 12 Шiлде 2011
  • 475
Фото - Caravan.kz

«Бүлік шығарғандар барлығы 16 адам болды… 1-еуі экстремизм үшін сотталған», — деді ол дүйсенбі күнгі арнайы брифингте.

Оның айтуынша, қазір бүлікшілерде қару қайдан келгені анықталуда. Қылмыстық іс қозғалады. Әзірге ешқандай алдын ала болжам жоқ.

«Кепілге алынған ешкім болған жоқ. Өндірістік зонада болған 8 адам басқа цехта болған. Олар өздерінің қауіпсіздігі мақсатында сонда жасырынған. Сондықтан, біз онда тазарту шараларын жүргізгенде осы адамдарды тауып, сыртқа шығардық», — деді Т. Ахметов.

Ол түрмеге жасалған шабуыл кезінде жарақат алған және қаза болғандар туралы дәл ақпарат бере алмады.

Ондағы бар мәлімет бойынша, колонияның 4 қызметкері жараланып, 1-еуі қаза болды.

Соңғы жаңалықтар