Жарияланды: 340

Балқаштағы көлікте табылған 4 адамды жазым етуде күдікті өзін өзі атып өлтірді

Қарағанды облысының Балқаш көлінде көліктің ішінде табылған 4 адамды өлтіруде күдікті танылған балық аулау фирмасының директоры өзіне өзі қол жұмсап мерт болды, деп хабарлады полицияда.

«Балық аулау фирмасының директоры күдікті ретінде сұралуы тиіс еді. Алайда ол полицейлердің келуіне дейін өзін мылтықпен атып өлтірді», - деді полицияда. Алайда, өлтірілген адамдардың бірі - «Балқаш балық» фирмасы» ЖШС-нің директоры екені туралы ақпаратты оның қызы Индира Құспаева жоққа шығарды. «Менің әкем тірі. Өлтірілген төрт адам - «Балқаш балық» фирмасының қызметкерлері, соның ішінде менің анам Әлима Құспаева да бар, ол фирмада заңгер болып жұмыс істеді. Сондай-ақ қорық қызметінің үш қызметкері өлтірілді», - деп хабарлады И.Құспаева. Оның айтуынша, жоғалған қызмектерлерді 9 қаңтардан бастап іздеді. «Заңгер болған анам мен қорықшылар браконьерлік фактісімен фирманың иелігіндегі өнеркәсіп учаскелеріне шықты. Олар оралмаған соң, кешке өз күшімізбен іздеу шараларын бастадық. Келесі күні ТЖМ қатыстырылды. Өртенген мүрделері бар көлікті «Балқаш балық» фирмасының қызметкерлерінен құралған іздеу тобы тапты», - деп баяндады И.Құспаева. Анықталғандай, фирманың қызметкерлеріне бірінші оқ атылды, одан кейін көлік мұзға шығарылып, өртенді. Қолда бар нұсқа бойынша, қылмысты фирманың қызметкерлері әрекетіне тосқауыл жасамақшы болғанда қарсы шыққан браконьерлер жасауы мүмкін. Бұрын хабарланғандай, 12 қаңтар күні Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы Шашубай кентіне жақын жердегі Балқаш көлінің мұзында тұрған УАЗ-390 көлігінің ішінен 4 өртенген мүрде табылды. Олардың барлығы сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 96 бабының 2 бөлімімен қалмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін