Балқаштағы колония басшылары сот алдында жауап беруде - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балқаштағы колония басшылары сот алдында жауап беруде

Балқаштағы колония басшылары сот алдында жауап беруде

Балқаштағы АК 159/21 тәртіппен түзеу мекемесінің бастығы мен екі орынбасары 8 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Олар қызметіне салғырт қараған деген айыппен сот алдында жауап беріп жатыр. Естеріңізге салсақ, өткен жылдың 11-ші шілдесінде Балқаштағы колонияда 16 жазасын өтеушісі қашуға әрекет жасаған. Арам пиғылдарын іске асыру үшін олар бір бақылаушыны бауыздап өлтіріп, 3 күзетшіні жаралаған болатын.

  • 28 Наурыз 2012
  • 397
Фото - Caravan.kz

Соғылған дабылдан кейін колонияға ішкі әскер сарбаздары басып кіргенде олар түрме аумағындағы цехтардың біріне жасырынған-ды. Барлығы да жат ағымның жетегінде жүргендер. Ғимарат ішінен қашып шықпасын білген олар өздері қолдан жасаған жарылғыш затты іске қосып, 16 сотталушының  күлдері көкке ұшты. Кейін оларға қару-жарақты түрме аумағында мешіт салуға арналған құрлыс материалының арасына жасырып өткізген сыбайласы ұсталды. Бірақ ол тергеу изоляторында өзіне қол салды. Сондықтан лаңкестік бойынша қозғалған іс тоқтатылып, тәртіпті бақылаудан шығарып алған колония басшылығы үстінен қылмыстық іс қозғалған.  


Мұхамедкәрім Бектұрсынов Қарағанды облыстық прокуратурасы, Арнайы прокурорлар басқармасының бастығы:

Қылмыстық Кодекс бойынша қызметке салғырт қарағандары колония бастығы мен екі орынбасары 8 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы керек. Іс 20 томды құрайды. Куәгерлердің саны 100 адамға жетеді. Оның басым көпшілігі түрмедегі жазасын өтеушілер.

Перейти к новостям спорта