Балқаштағы колонияда кепілдікке адам алынған жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балқаштағы колонияда кепілдікке адам алынған жоқ

Балқаштағы колонияда кепілдікке адам алынған жоқ

Қамауда отырған бір топ сотталған қашпақ болған Балқаштағы колонияда кепілдікке адам алынған жоқ,деп хабарлайды ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

  • 11 Шiлде 2011
  • 480
Фото - Caravan.kz

«Кейбір БАҚ Қарағанды облысы ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығына сілтеме жасай отырып, «сотталған азаматтардың көбі сол колонияда жазасын өтеп 30-ға жуық адамды кепілдікке алғаны» туралы ақпарат таратты», — делінген дүйсенбі күнгі хабарламада.

«Осыған байланысты әділет министрлігінің ҚАЖ комитеті кепілдікке адам алынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарады және сотталғандар кепілдікке адам алмағаны туралы ресми түрде жариялайды», — делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сәйкес, осының алдындағы баспасөз мәлімдемелерінде аталғандардан басқа зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Қазіргі кезде түзету мекемесіндегі жағдай әлі күрделі, бірақ бақылауға болатындай, деп сендіреді ведомство.

Бұрын хабарланғандай, 11 шілдеде сағат 1:30 шамасында Балқаш қаласындағы Қарағанды облысы бойынша ҚАЖК департаментінің АК-159/21 мекемесінде ТЖ болды. 12 сотталған азамат ІІМ ішкі әскерлерінің қарауыл күзетшісіне шабуыл жасаған.

Оқиға орнына мекеме қызметкерлерінің кезекші наряды жеткен. Сотталғандардың заңсыз әрекеттерінің жолын кесу барысында атыс салдарынан ҚАЖ екі қызметкері мен бақылау бекетінің күзетшісі жарақат алды.

Медициналық көмек уақытында көрсетілгенімен, контролерлік қызмет сержанты алған жарақаттардан көз жұмды.

ҚАЖ мен ішкі әскерлердің әскери бөлімшесі қызметкерлерінің күшімен сотталғандардың топтасып қашуына жол берілмеді.

Соңғы жаңалықтар