Балқаштағы колонияда қамауда отырғандарға қаруды мекеменің қоршауы арқылы тастаған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балқаштағы колонияда қамауда отырғандарға қаруды мекеменің қоршауы арқылы тастаған

Балқаштағы колонияда қамауда отырғандарға қаруды мекеменің қоршауы арқылы тастаған

Балқаштағы колонияда қамауда отырғандарға қаруды мекеменің қоршауы арқылы тастаған,деп мәлім етті әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) төрағасы Сұлтан Күсетов.

  • 12 Шiлде 2011
  • 429
Фото - Caravan.kz

«Олардың қолдарына қару қалай түскен… Қару сотталғандарға (қоршау арқылы — ҚазТАГ) тасталған деп болжауға негіз бар», — деді ол сейсенбі күні брифингте.

«Біз бақылау-ізді жолағын тексеру барысында осы заттарды (қаруды — ҚазТАГ) тастаудың іздерін таптық. Сол жерден тағы біраз заттар тәркіленді: скотч, таспалар, сотталғандардың киімдері және т.б.», — деді комитет басшысы.

Ол «өкінішке орай, бүгінгі күні (қоршау арқылы — ҚазТАГ) тастау мүмкіндігі бар» екенін мойындады.

«Ерте замандарда бекіністерді шабуылдағанда неше түрлі айла-әдістер қолданылатын. Біз әрине өз тарапымыздан ондайға жол бермеу үшін барлық шараларды қабылдап жатырмыз», — деп сендірді С. Күсетов.

«Оларды қашуға дайындаған сыбайластары болған шығар. Қашу әрекеті алдын ала жоспарланғаны күмәнсіз. Қазір бұл қашуды кім ұйымдастырғаны туралы айтуға әлі ерте», — деді ол.

Соңғы жаңалықтар