Caravan Logo

Балқаштағы колонияда қамауда отырғандарға қаруды мекеменің қоршауы арқылы тастаған

Балқаштағы колонияда қамауда отырғандарға қаруды мекеменің қоршауы арқылы тастаған

«Олардың қолдарына қару қалай түскен... Қару сотталғандарға (қоршау арқылы - ҚазТАГ) тасталған деп болжауға негіз бар», - деді ол сейсенбі күні брифингте.

«Біз бақылау-ізді жолағын тексеру барысында осы заттарды (қаруды - ҚазТАГ) тастаудың іздерін таптық. Сол жерден тағы біраз заттар тәркіленді: скотч, таспалар, сотталғандардың киімдері және т.б.», - деді комитет басшысы.

Ол «өкінішке орай, бүгінгі күні (қоршау арқылы - ҚазТАГ) тастау мүмкіндігі бар» екенін мойындады.

«Ерте замандарда бекіністерді шабуылдағанда неше түрлі айла-әдістер қолданылатын. Біз әрине өз тарапымыздан ондайға жол бермеу үшін барлық шараларды қабылдап жатырмыз», - деп сендірді С. Күсетов.

«Оларды қашуға дайындаған сыбайластары болған шығар. Қашу әрекеті алдын ала жоспарланғаны күмәнсіз. Қазір бұл қашуды кім ұйымдастырғаны туралы айтуға әлі ерте», - деді ол.