Балқаштағы колониядан қашпақ болған 16 сотталған азаматтың бәрі өздері жасаған жарылыс кезінде қаза болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балқаштағы колониядан қашпақ болған 16 сотталған азаматтың бәрі өздері жасаған жарылыс кезінде қаза болды

Балқаштағы колониядан қашпақ болған 16 сотталған азаматтың бәрі өздері жасаған жарылыс кезінде қаза болды

Балқаштағы колониядан қашпақ болған 16 сотталған азаматтың бәрі өздері жасаған жарылыс кезінде қаза болды, деп мәлім етті әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) төрағасы Сұлтан Күсетов.

  • 12 Шiлде 2011
  • 357
Фото - Caravan.kz

«Біз бүгін қираулардың астынан 16 сотталған азаматтың денелерін таптық», — деді ол сейсенбі күні брифингте.

Қазір оларды идентификациялау шаралары жүргізіліп жатыр. Басым бөлігінің кім екені анықталды. Қылмыскерлердің арасында ауыр қылмыс жасағандар бар. Олардың жаза мерзімдері 15-тен 32 жылға дейін.

«Сараптама белгіленіп, сотталғандардың нені жарғаны анықталады. Біз оттегі баллоны жарылды деп болжап отырмыз», — деді С.Күсетов.

Бұрын хабарланғандай, АК-159/21 мекемесінде қамауда отырған бір топ адам 11 шілдеге қараған түні қашуға әрекеттенген. Суық және атыс қаруларымен қаруланған олар қарауыл күзетшісіне шабуылдаған.

Қарсыласу кезінде ҚАЖ екі қызметкері пышақтан, төрт қызметкер қару оғынан жарақат алған. Олардың біреуі ауруханаға жетпей, көз жұмды.

Кейін қылмыскерлер колонияның өнеркәсіптік аймағына барып жасырынған. ІІД-нің «Арлан» арнайы жасағы осы ғимаратты шабуылмен басып алу шарасын жүзеге асырды.

Осы операция кезінде жарылыс болды. Қашпақ болған сотталғандар оттегі балонының көмегімен өздерін жарып жіберген деп болжанып отыр.

Соңғы жаңалықтар