Балқаштағы колонияның қаза болған қызметкерін мемлекеттік наградаға ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балқаштағы колонияның қаза болған қызметкерін мемлекеттік наградаға ұсынады

Балқаштағы колонияның қаза болған қызметкерін мемлекеттік наградаға ұсынады

Балқаш колониясында тұтқындардың қашу әрекеті кезінде қаза болған колония қызметкерін мемлекеттік наградаға ұсынады, деп ҚР әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) төрағасы Сұлтан Күсетов мәлім етті.

  • 12 Шiлде 2011
  • 667
Фото - Caravan.kz

«Қаза болған қызметкер, әрине, әділет министрлігінің басшылығымен мемлекеттік наградаға ұсынылады», — деді С. Күсетов, сейсенбі күні журналистер сауалына жауап беріп.

Бұл ретте, комитет бастығы «оның барлық әрекеті сауатты әрі кәсіби білікті деп бағаланып отыр», деп атап көрсетті.

С. Күсетовтың айтуынша, қаза болған қызметкердің отабсына «мейлінше көмек көрсетілуде».

Бұрын хабарланғандай, АК-159/21 мекемесінің бір топ тұтқыны 11 шілдеге қараған түні қашып кетуге әрекеттенді. Суық қарумен және мылтықпен қаруланған тұтқындар күзетшіге шабуыл жасады.

Туындаған төбелес барысында ҚАЖ екі қызметкері пышақтан, төрт қызметкер оқтан жараланды. Бақылау қызметінің 23 жасар сержанты Жансерік Қашымбеков ауруханаға бара жатып жан тапсырды.

Соңғы жаңалықтар