Балқаштағы түзеу мекемесіндегі жағдай тұрақталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балқаштағы түзеу мекемесіндегі жағдай тұрақталды

Балқаштағы түзеу мекемесіндегі жағдай тұрақталды

Қарағанды облысы, Балқаш қаласындағы жалпы режимдегі АК-159/21мекемесінен қашып шықпақ болған сотталғандардың қылмыстық әрекеттерінің алды алынды.

  • 12 Шiлде 2011
  • 376
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Астанада Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Талғат Ахметов мәлім етті.

Еске сала кетейік, Балқаш қаласының түзеу орынындағы бүлік бүгін түнгі 1.30-да орын алған еді. Т. Ахметовтың айтуынша, кезекші нарядқа шабуыл жасап, мекеменің 4 қызметкерін жарақаттаған 16 адамнан құралған қылмыстық топ бүлікті басу операциясы басталған кезде өндірістік аумаққа еніп, сонда жасырынған. Арнайы жасақ аталған аумаққа жақындаған кезде қылмыскер топ өз-өздерін жару әрекетін жасаған. Мамандардың айтуынша, олар сол аумақта орналасқан газ баллонын жарып жіберген. Қазіргі уақытта үйінділердің астынан қылмыскерлерді іздестіру шаралары жүргізілуде.

Әзірге құрбан болғандар жөнінде еш ақпарат жоқ. Бүлік басталған кезде аталмыш мекемеде 100-ден аса сотталғандар болған. Өкінішке орай, дер кезінде көрсетілген жедел медициналық көмекке қарамастан, бақылау қызметінің әскери қызметшісі 1988 жылғы Жансерік Қашымбетов қаза тапты. Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасарының айтуынша, қазіргі уақытта түзеу мекемесіндегі жағдай тұрақталды.

Соңғы жаңалықтар