Балқаштықтар көлдің қызығын әлі көре алмай келе жатыр - Хамза Нөкербеков - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балқаштықтар көлдің қызығын әлі көре алмай келе жатыр - Хамза Нөкербеков

Балқаштықтар көлдің қызығын әлі көре алмай келе жатыр - Хамза Нөкербеков

70 мыңға жуық тұрғыны бар Балқаш қаласы туризмнің пайдасын көре алмай отыр. Тазаланбағандықтан қамыс өсіп кеткен көл жағасында суға жүзушілер үшін де, өзге демалушылар үшін де ешқандай жағдай жасалмаған. Сондықтан тұрғындар демалыс кезінде облыс аумағындағы демалыс үйлеріне баруға тырысады.

  • 26 Шiлде 2011
  • 442
Фото - Caravan.kz

«Кеңес дәуірінде көлдің қаламен шектесіп жатқан жерлері қамыстан тазартылып тұратын. Қазір бәрі қараусыз қалды. Онда демалушылар үшін ешқандай жағдай жасалмаған. Сондықтан кейде біреулер Балқаштың жағасында тұрасыңдар, қандай бақыттысыңдар деген кезде кірерге тесік таппай ұяламыз. Өйткені өзге жерден келетін демалушылар тұрмақ өзімізге қонаққа келген жақын туыс-туғанды көл жағасына апаруға ұяламыз. Мүмкіндігіне қарай қаладан сыртқа алып шығып, жекеменшік демалыс үйлерінің біріне апаруға мәжбүр боп жүрміз», — дейді «Қазақмыс» компаниясына қарасты кәсіпорындардың бірінде монтажник болып жұмыс жасайтын Хамза Нөкербеков.

Жазғы демалыс кезінде балаларын жарты ақшасын төлеп өзі жұмыс жасайтын кәсіпорынның қарамағындағы демалыс үйіне жіберуді әдетке айналдырған отағасының айтуынша, бұл барлық балқаштықтардың басындағы ортақ мәселе. Қонақтарға қолайлы жағдай жасалмағандықтан Алматыдан қатынайтын поездар Балқашқа тоқтамайды. Көлдің атын естіп алыстан ат арытып келгендер жол азабынан қашып келесі жолы онда келмеуге тырысады. Қала әкімінің орынбасары Махмут Жарылғап — «көл жағасында қалаға қарайтын демалыс орны жоқ. Ал қаланың туристік инфрақұрылымды дамыту жоспары осы уақытқа дейін неге жүзеге асырылмай отырғанын айта алмаймын Мен бұл қызметке жақында ауысып келгендіктен одан хабарсызбын», — дегенді айтып отыр.

Соңғы жаңалықтар