Балтиморда кеме соққысынан алып көпір қирап, алты адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балтиморда кеме соққысынан алып көпір қирап, алты адам қаза тапты

Балтиморда кеме соққысынан алып көпір қирап, алты адам қаза тапты

АҚШ-тың Мэриленд штатының Балтимор қаласында контейнер таситын кеменің соққысынан көпір опырылып, алты адам қаза тапты. Балтимордағы Фр

  • 27 Наурыз
  • 70
Фото: ашық дереккөз

АҚШ-тың Мэриленд штатының Балтимор қаласында контейнер таситын кеменің соққысынан көпір опырылып, алты адам қаза тапты.

Балтимордағы Фрэнсис Скотт-Кей көпіріне 26 наурызда жергілікті уақыт бойынша 01:19-да Сингапур туымен жүзіп келе жатқан «Дали» контейнерлік кемесі соғылып, соның салдарынан көпір бір мезетте түгелдей қирап қалған.

Әлеуметтік желіде көпірдің құлаған сәті түсірілген видео тарады. Онда қатты соққыдан көпір тіреуіштері қирап, артынша көпірдегі бірнеше көліктің металл конструкциясымен бірге суға құлағанын көруге болады.

Мэриленд штатының губернаторы Уэс Мур аймақта төтенше жағдай жариялады.

Айта кетейік, көпір 1977 жылы салынған. Ол АҚШ-тың ұлттық әнұраны «The Star-Spangled Banner» авторы Фрэнсис Скотт Кейдің есімімен аталған.